Батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты

Батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты

Батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты
ашық дереккөзі
Аустралиядағы мектептердің бірінде үрлемелі батуттан құлап қайтыс болған балалардың саны алтыға жетті, деп жазды turkystan.kz. Оқиға Тасмания аралында Девонпорт бастауыш мектебінде болды. Жел балалармен бірге үрлемелі батутты жұлып алып, бірнеше метр биіктікке көтерген. Бұған дейін бес баланың өлімі туралы хабарланған болатын.
«Тасманиядағы қайғылы оқиға кезінде жарақат алған алтыншы бала қайтыс болды», - делінген полиция хабарламасында.