Жаңалықтар

Африкалық құдалар қазақ қалыңдыққа уыс-уыс ақша шашты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Африкалық құдалар қазақ қалыңдыққа уыс-уыс ақша шашты (ВИДЕО)

Тағы бір қазақ қызының Алматыда қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шығып жатқан видеосы тарады. Бұл жолы басына сәукеле киген бойжеткенге күйеу жігіт тарапы ақша шашып жатыр, деп жазды turkystan.kz. Видеоны өзінің Facebook-тегі парақшасына Рима Нұрлыбекқызы есімді желі қолданушысы жариялады. Одан үй ішінде жерге төселген ақ мата үстімен қазақтың ұлттық киімін киген қалыңдықтың келе жатқанын көруге болады. Ал келесі бір видеода африкалық құдаға шапан жабылады. «Енді тағы да қазақ қызы африкалық жігітке тұрмысқа шығып жатыр. Бұл қызды сөкпейікші, жәй ғана шын бақыт тілейікші. Жалғыз жүргеннен жақсы ғой. Бұл екі жұп бақытты болсын! Обшым, қазақ елі Африка елімен тоқтаусыз құда болып жатырмыз», - дейді жазба авторы. Алайда оны көрген желі қолданушыларының дені қыздың бұл шешімін бұрыс деп санайды. Ал қалғандары ұлттың жаманы болмайтынын, әркімнің өз тағдырына өзі жауапты екенін түсіндіріп әлек. Еске сала кетсек, бұған дейін де бір қазақ қызының африкалық жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.