Ақтауда базардан азық-түлік ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Ақтауда базардан азық-түлік ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Ақтауда базардан азық-түлік ұрлағандар видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Екі ер адам базар маңында қараусыз қалған жемістер мен көкөністерді ұрлап кеткен. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазды turkystan.kz. Ұрлық 17 желтоқсан күні таңертең 23-шағынаудандағы «РусКаз» базарына кіреберісте, «Кувшин» мүсіндік композициясына қарама-қарсы жерде болған. Жергілікті тұрғын азық-түлік сатып алып, арбаны алуға кетіп бара жатқанда заттарын жол бойына тастап кеткен. Осы уақытта белгісіз екі адам келіп, қап пен жәшікті алып кеткен. Тауарларынан айрылып қалған жәбірленуші жергілікті полиция бөліміне арызданған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 20 мың теңгені құрады.