Вайнерлер жарнамалаған пирамида ісі бойынша тағы айыпталушылар ұсталды

Вайнерлер жарнамалаған пирамида ісі бойынша тағы айыпталушылар ұсталды

Вайнерлер жарнамалаған пирамида ісі бойынша тағы айыпталушылар ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл компанияның негізін қалаушы 1988 жылы туған Ж. есімді азамат және басқарма төрағасы қызметін атқарған 1983 жылы дүниеге келген Р. есімді азамат. Олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды және Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Еске салайық, былтыр бір топ азамат «ASTEX.KZ» және «ACD Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшыларына қаржылық пирамида құру және басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз жазған болатын.
«2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған серіктестіктердің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды.  Екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар әрбір салымшыға салынған салым сомасының 20 пайызын ай сайын төлеуге міндетті болған. ASTEX.KZ ЖШС-не 162 салымшының 2 миллиард теңгеден астам қаражаты «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы түсіп отырған. Осы қылмысты жасағаны үшін барлығы сегіз күдікті әшкереленді. Олардың алтауы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір біреуі іздеуде болса, тағы біреуі үйқамақта», - деді Рүстем Әбдірахманов.