Қайыңдыдағы әрекет қазақстандықтардың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Алматы облысындағы сұлулығы көпшілікті тәнті еткен, қайталанбас Қайыңды көлінде туристер шыршалардың діңін бүлдіріп, келушілер есімдерін үшкір заттармен қашап жазу фактілері тіркелген, деп жазды turkystan.kz.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Казахстанский Альпийский Клуб (@kazalpineclub)

Еліміздегі ең көрікті жерлердің біріне деген зиянкестік көзқарас туралы мәлімдеген «Қазақстандық альпі» клубы кінәлілерді тауып, жазалауды сұрайды.

«Табиғат байлығына осындай зиянкестік жасасақ, осындай көзқараспен қарасақ, әрі қарай не болмақ? Алматыдан алты сағаттық жерде орналасқан Қайыңды көлі өзінің әсемдігімен және тұмса табиғатымен танымал. Соңғы уақытта көлге келушілер бейнежазба көп таратады. Видеолар барлық әуесқойларды таңқалдырады. Ондаған жылдар бойы көлдің қақ ортасынан жоғары қарай шаншыла өскен, әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді қызықтырған ғасырлық шыршаларды жоғалтқаннан гөрі саябақты жабу оңайырақ шығар», – дейді клуб мүшелері.

Тянь-Шань тауы сілемінің теңіз деңгейінен шамамен 1900 метр биіктікте орналасқан Қайыңды көлі – Қазақстанның табиғи ең көрікті жерлерінің бірі. Бұл көгілдір суы бар су қоймасында көкке ұмтылған шыршалар көз тояр табиғат тамашасы. Көл 1911 жылы қаңтарда күшті жер сілкінісінен кейін пайда болған, нәтижесінде тау құлап, өзенді жауып тастады. Осыдан кейін алқап суға толды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button