Димаш Дубайдағы Бурдж-Халифаның жанынан мейрамхана ашпақ

Димаш Дубайдағы Бурдж-Халифаның жанынан мейрамхана ашпақ

Димаш Дубайдағы Бурдж-Халифаның жанынан мейрамхана ашпақ
ашық дереккөзі
Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Instagram» парақшасында Дубайда мейрамхана ашатынын жариялады, деп жазды turkystan.kz.
«Достар, жақында Дубайда менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан «Address Boulevard» отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба «DQ Show & Gastronomy» деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тағамының үйлесімі болады», - деп жазды ол.
Оның хабарлауынша, мейрамханаға бір уақытта 300 адам сияды. Жалпы аумағы екі жарым мың шаршы метрлік орынның 300-і кәсіби сахна. Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетпек.