Сенбі, 10 Маусым, 2023

Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокдаунға түсірді (ВИДЕО)

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпқой бокс кешінде Мысырдан келген Абдумонем Саидпен (22-1-1, 11 КО) кездесті, деп жазды turkystan.kz.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ кездесу ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундтың 45-секундында Жанқош Тұраров техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Жанқош кәсіпқой рингтегі 25-жеңісіне қол жеткізді. Соның ішінде 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Абдумонем Саид спортттық мансабындағы екінші рет қарсыласына есе жіберді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button