Тәуелсіздік күні туған сәбилерге Президенттің сыйлығы таратылды

Тәуелсіздік күні туған сәбилерге Президенттің сыйлығы таратылды

Тәуелсіздік күні туған сәбилерге Президенттің сыйлығы таратылды
ашық дереккөзі
16 желтоқсан күні дүниеге келген сәбилерге ұлық мерекенің 30 жылдығына орай естелік «baby»-бокстар сыйға тартылды, деп жазды turkystan.kz. «Сүйінші» сыйқораптарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты, мерейтойлық монета және баланың туу туралы куәлігі бар. Сөйтіп, мерекелік демалыс күндері «Азаматтарға арналған үкімет», құжаттарды ресімдеген АХАЖ органдары, сыйқораптарды таратқан «Қазпошта» қызметкерлері, «Банкцентркредит» АҚ мен ақ халатты абзал жандар жас аналарға осындай сыйлық тарту етті.