Данияр Елеусінов «IBO» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды

Данияр Елеусінов «IBO» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды

Данияр Елеусінов «IBO» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінде «IBO» титулын жеңіп алды, деп жазды turkystan.kz. Елеусінов жекпе-жекте Аргентина боксшысы Хуан Эрнан Леаомен кездесті. 12 раундтық кездесудің екінші және үшінші раундтарында қарсыласы нокдаунға түскенімен, жекпе-жек соңына дейін созылды. Соңында төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов жеңіске жетті. Айта кетейік, Данияр бұл жекпе-жекте айқын фаворит саналған және сарапшылардың көпшілігі оның нокаутпен жеңетінін болжаған болатын. Бұған дейін Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі 10 жеңісінің алтауын нокаутпен аяқтады.