Еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі қайда өтеді?

Жаңажылдық бас шырша дәстүрлі түрде «ЭКСПО – 2017» көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді, деп жазды turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бас жаңажылдық шыршасын жағу рәсімі «Нұр Әлем» сферасының жанында сағат 19:00-ге жоспарланған. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді.

Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Жұлдызды орындаушылардың арасында – Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Меркенің басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар да қатысады.

Бұл шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен, барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button