Өскеменде ит талаған 7 жасар қыз көз жұмды

Өскеменде ит талаған 7 жасар қыз көз жұмды

Өскеменде ит талаған 7 жасар қыз көз жұмды
ашық дереккөзі
17 желтоқсанда жергілікті әлеуметтік желілерде бұл ақпарат кең таралып, Өскемен қаласының Лесхоз ауылының және сол маңдағы бау-бақша серіктестіктері тұрғындарының жанайқайы жарияланған еді, деп жазды turkystan.kz.
«Біз, Лесхоз ауылы, «Надежда», «Эдельвейс» серіктестіктері тұрғындары, жоғары органдарға шағым айтамыз. Бүгін қаңғыған ит 7 жастағы баланы талап, ажал құштырды. Біз қауіпті аймақта (қоқыс полигоны жанында) тұрамыз. Бұл жақта қаңғыбас иттер көп. Неге ветеринария қызметі бұл иттерді ауламайды? Неге өз жұмыстарына салғырт қарайды?» – деп ауыл тұрғындары шағымданған-ды.
Қапыда қазаға ұшыраған қыздың көршілерінің айтуынша, қайғылы жағдай жер үйдің ауласында болған.
«Қыз аулада ойнап жүрген. Оқиғаның нақты қалай болғанын ешкім де білмейді. Бірақ овчарка мен алабайдың кетіп бара жатқанын көргендер бар. Балаға сырттан келген алабай шабуыл жасады ма, әлде бала екі итті арашаламақшы болды ма, бұл жағы белгісіз. Иттер сол күйі табылған жоқ», – деді көршілері.
Біз бұған дейін Атырауда қаңғыбас иттердің жасөспірімді талап тастағанын жазған болатынбыз. Қыздың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.