Батыр Альваресті 69-секундта нокаутпен жеңді

Батыр Альваресті 69-секундта нокаутпен жеңді

Батыр Альваресті 69-секундта нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварестен басым түсті, деп жазды turkystan.kz. Қос боксшының кездесуі Канаданың Монреаль қаласында өтті. Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген. Дегенмен, отандасымызға жеңіске жету үшін бір минуттан аса уақыт жеткілікті болды. Қазақстандық боксшы бірден қарсыласына қысым жасады. Батыр кездесу бастала сала Альваресті ауыр соққының астына алды. Ол қарсыласын алдымен нокдаунға, іле-шала нокаутқа жіберді. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісінен кейін араға жарты жыл салып, рингке оралған Батыр 69-секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Хуан Хосе Мартинеске келсек, бұл - оның профибокс мансабындағы 11-інші жеңілісі.