Украиналық депутат Радаға қазақ шапанымен келді

Украиналық депутат Радаға қазақ шапанымен келді

Украиналық депутат Радаға қазақ шапанымен келді
ашық дереккөзі
«Слуга народа» партиясының депутаты Сергей Нагорняк Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Радаға көгілдір костюммен және Қазақстан туының элементтері бар ақ футболкамен келген, деп жазды turkystan.kz.
«Жоғарғы Рада ұжымы атынан қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Қазақ достарымызды олар үшін маңызды күнмен құттықтайық, – деді Сергей Нагорняк.
Содан кейін залда қол шапалақтау естіле бастайды. Жиын барысында Рададағы Қазақстанмен парламентаралық байланыс тобын басқаратын депутат қазақ шапанын киіп алады. Еске сала кетсек, 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында кездескен болатын. Сол кезде Тоқаев екі ел тарихының жақындығы мен болашағының ортақтығын атап өтіп, Украинамен саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірген-ді.