«Отбасы банкіне» 30 миллиард теңгенің өтініші түскен

«Отбасы банкіне» 30 миллиард теңгенің өтініші түскен

«Отбасы банкіне» 30 миллиард теңгенің өтініші түскен
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар бірнеше сағаттың ішінде «Отбасы банкіндегі» депозиттері бойынша 30 миллиард теңге зейнетақысын алуға өтініш берді, деп жазды turkystan.kz. Банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтың айтуынша, enpf-otbasy.kz платформасында бұл операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функция 16 желтоқсан күні сағат 10.00-де іске қосылған.
«Бүгінге дейін зейнетақы шоттарынан барлығы 2 миллиард теңгеге жуық қаражат шығарылған. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан («БЖЗҚ») артық зейнетақы қаражатын «Отбасы банкіндегі» депозиттерге аудару функциясы енгізілген алғашқы 6 сағат ішінде қордан 30 миллиард теңге шығару бойынша өтініштер түсті», – деді Нұрлан Ақшанов.
Отандастарымыздың таңертең «Отбасы банкінде» депозит нөпірін ашқанына қарамастан, enpf-otbasy.kz платформасы бұл ағынға төтеп бере алды. Сайт істен шыққан жоқ. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емдеуге және инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге пайдалануға рұқсат етілді. Негізінен, салымшылар бұл ақшаны баспана мәселесін шешуге жұмсай алады.