Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін

Алдағы үш күнде Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлады turkystan.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17-20 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жол жағдайын «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыру керектігі ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button