Түрік валютасы тағы 2,5 пайызға құлдырады

Түрік лирасы тағы 2,5 пайызға арзандады. Сауда деректері орталық банк межені төмендеткеннен кейін 1 долларға 16 лирадан келетінін көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

16 желтоқсан күні Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 15 пайыздан 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Түрік валютасы бұған дейін бір доллар үшін 15,66 лира болса, қазір 16,12 лираға жетті.

Жыл басында бір доллар үшін 7,4 лира бағамына сатылған түрік валютасы бір жыл ішінде құнының жартысынан көбін жоғалтты. Кейінгі 20 жылда бір тәулік ішіндегі ең көп құлдырау дерегі 23 қарашада тіркелді, содан кейін лира 16 пайызға төмендеді.

Бұл жайт 18 қарашада Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 16-дан 15 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған соң болды, содан кейін ел президенті Тайып Ердоған осы жағдай инфляцияның төмендеуіне әкелетінін мәлімдеп, меже төмендеуі дұрыс деп санаған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button