АҚШ астронавты ғарыштан қазақстандықтарды құттықтады (ВИДЕО)
АҚШ ғарышкері Марк Ванде Хай Халықаралық ғарыш стансасының бортынан Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Құттықтау видео Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
«Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! АҚШ Қазақстан Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Содан бері екі ел арасында барлық бағыт бойынша, әсіресе, ғарышты зерттеуде ынтымақтастық артып келеді», - деді Томас Ванде Хэй