Қазақстанда жұмыртқа бағасы арзандады

Қазақстанда жұмыртқа бағасы арзандады

Қазақстанда жұмыртқа бағасы арзандады
ашық дереккөзі
Отандық жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мәлімдеуінше, Қазақстанда жұмыртқа бағасы төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz. 10 желтоқсаннан бастап республикамыздың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) түседі.
«Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін арзандай бастайды. Бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган 9 құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 – өндірушіге, 3 – көтерме жеткізушіге) шығарды. 9 құс фабрикасына қатысты 6 тергеу тағайындалды (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары)», - деді ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.
Қауымдастық басшысының айтуынша, кейбір сауда-саттық орындарда мерекеге байланысты бұрынғы баға сақталып тұруы мүмкін.