Қазақстанда жұмыртқа бағасы арзандады
Отандық жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мәлімдеуінше, Қазақстанда жұмыртқа бағасы төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz.
10 желтоқсаннан бастап республикамыздың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) түседі.
«Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін арзандай бастайды. Бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган 9 құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 – өндірушіге, 3 – көтерме жеткізушіге) шығарды. 9 құс фабрикасына қатысты 6 тергеу тағайындалды (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары)», - деді ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.
Қауымдастық басшысының айтуынша, кейбір сауда-саттық орындарда мерекеге байланысты бұрынғы баға сақталып тұруы мүмкін.