«Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандары» - Тоқаев

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандары» - Тоқаев

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандары» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толғанын да еске салды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес Одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды» деп жазды Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасына.
 width= Айта кетсек, 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда КОКП ОК Бас хатшысы Михаил Горбачевтің Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатуы және оның орнына Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген Ульянов обкомының бірінші хатшысы Геннадий Колбинді әкелуі туралы шешіміне байланысты толқулар басталған еді. Сол сәтте қазақ жастары ел басшысы лауазымына байырғы халықтың өкілін тағайындауды талап етті.