Жаңалықтар

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандары» - Тоқаев

ашық дереккөзі

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандары» - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толғанын да еске салды, деп хабарлады turkystan.kz. «Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес Одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды» деп жазды Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасына.