Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғарылады
ашық дереккөзі
Әйгілі The Ring басылымының сайты кәсіпқой боксшылар рейтингін жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Орта салмақта IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр, одан кейін басқа титул иегерлері Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) тұр. Өткен айда бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикаманы нокаутпен жеңген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жетінші орыннан алтыншыға көтерілді. The Ring тұжырымы бойынша орта салмақ рейтингі мынадай (жақшаның ішінде бұған дейінгі орындары көрсетілген): 1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан) 2 (2). Джермалл Чарло (АҚШ) 3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ) 4 (5). Хайме Мунгия (Мексика) 5 (6). Риота Мурата (Жапония) 6 (7). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 7 (8). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания) 8 (-). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы) 9 (4). Сергей Деревянченко (Украина) 10 (9). Лиам Уильямс (Ұлыбритания). Еске салсақ, Дүниежүзілік бокс ұйымы WBO америкалық чемпион Деметриус Андрадені өз белбеуін қорғау үшін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен айқас өткізуге міндеттеді.