Омикрон штаммының екі симптомы айтылды

Омикрон штаммының екі симптомы айтылды

Омикрон штаммының екі симптомы айтылды
ашық дереккөзі
Омикрон штаммы ең көп тараған Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Райан Ноах The Telegraph-қа берген сұхбатында инфекцияның екі симптомын атады, деп хабарлады turkystan.kz kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, омикрон жұқтырған науқастардың белі ауырып, тамағы жыбырлайды. Ноах сарапшылар COVID-19-дың жаңа штамын жұқтырған 19 мыңға жуық жағдайды талдағаннан кейін осындай тұжырым жасағанын мәлімдеді. Бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік агенттігінің атқарушы директоры Дженни Харрис омикрон штаммы пандемия кезіндегі елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін ең қауіпті жағдай екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, коронавирустың бұл нұсқасы мутациялары көп болуымен ерекшеленеді, бұл штамм тіпті вакцина салғандар үшін де қауіпті.