Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Андрей Малахов Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Ресейлік танымал тележүргізушілердің бірі Андрей Малахов аты аңызға айналған қазақстандық әнші Бибігүл Төлегеноваға арнайы бейнехабарлама жолдады, деп жазды turkystan.kz.
«Құрметті де қадірлі Бибігүл Ахметқызы! «Сәлем, Андрей» бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені Сізді туған күніңізбен құттықтайды. Сізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз. Біз сізді қатты жақсы көреміз және бағалаймыз. Есіңізде болсын! Сіз – Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де інжу-маржанысыз. Сондықтан бізді әрқашан әніңізбен қуантыңыз. Шын жүректен Андрей Малахов, Ресейден сүйіспеншілікпен», - дейді Андрей Малахов видеода.
Халық әншісі жақындарының айтуынша, Андрей Малахов «қазақ бұлбұлын» қатты құрметтейді. Сондықтан ол еңбек сіңірген әртіске құттықтау жолдаған. Бибігүл Төлегенова 2020 жылы Андрей Малаховтың композитор Александр Зацепин туралы бағдарламасы үшін видео түсірген болатын. Сол кезде ресейлік танымал шоумен оны қазақ музыка өнері үшін «Отан-Ана» деп атаған еді. Айта кетейік, опера әншісі Бибігүл Төлегенова 1929 жылдың 16 желтоқсанында Семей қаласында дүниеге келген. Оның ерекше дауысы бұрынғы КСРО-дағы қарапайым азаматтардың да мәңгі есінде қалды.