«Өнер барысы»: Қанат Әлжаппаров турнирде ұятқа қалды (ВИДЕО)

«Өнер барысы»: Қанат Әлжаппаров турнирде ұятқа қалды (ВИДЕО)

«Өнер барысы»: Қанат Әлжаппаров турнирде ұятқа қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дәстүрлі «Өнер барысы» турнирі өтті.  Тартысты өткен сайыс барысында ыңғайсыз жағдай орын алды, деп жазды turkystan.kz. Әзілқой Қанат Әлжаппаров жарысқа «Трипл Қ» лақап атымен қатысып, өнер көрсеткен болатын. Боз кілемге аса ауыр салмақ дәрежесінде шыққан Қанат ыржыңдап, билеймін деп жұртты күлкіге біраз қарық қылды. Алайда, белдесу барысында өзінің турнирге дайындықсыз келгенін, тіпті, қазақ күресінің ережелеріне көңіл бөлмегендігін аңғартып алды. Вайнер әрі блогер Біржан (Боран) Шөпбайға қарсы шыққан әзілқой алғашқы сәттердің бірінде қарсыласының шашына жармасып, жұлқып қалады. Мұны түсінбей қалған оның қарсыласы да, төреші де аң-таң. Бұл сәтті төмендегі видеодан көруге болады: Белдесу соңына 1 минут 31 секунд қалғанда аяқтан шалу әдісін жасаған Біржан Шөпбай жеңіске жетті. Әйтеуір Қанат Әлжаппаровтың жүрген жері шоу. Ол көрермендерге бұл сайысқа жеңіс емес, ойын үшін келгендей әсер қалдырды. Еске сала кетсек, биылғы «Өнер барысына» 28 өнер саласының танымал өкілдері мен блогерлер қатысты. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 16 миллион теңгені құрады.