«Ғалам аруы» байқауының қатысушысы сынның астында қалды

«Ғалам аруы» байқауының қатысушысы сынның астында қалды

«Ғалам аруы» байқауының қатысушысы сынның астында қалды
ашық дереккөзі
Сұлулық байқауына Жапония атынан қатысқан Юри Ватанабе көрермендерге ұсынған образы үшін сынның астында қалды, деп жазды turkystan.kz.  26 жастағы модель дефилеге заманауи кимоно киіп, империя отбасының символы саналатын хризантема бейнеленген белдеу тағып шыққан. Киімнің авторы – израильдік дизайнер Авиад Арик Херман. Оңнан солға қарай жабылған ұлттық костюм жапондықтарға ұнамаған сыңайлы. Белгілі болғандай, Жапонияда бұл әдіс дәстүрлі түрде марқұмдарға байланысты қолданылады екен. Пікір білдірушілердің айтуынша, модельдің бұл образы Жапонияны қорлаумен тең.
«Менің ойымша, көйлек дизайнері Жапонияның салт-дәстүрін білмейді. Басқа елдің мәдениетін білу және басқаларға құрмет көрсету - ең маңызды нәрсе», - деп жазды желі қолданушысы.
Сонымен қатар, байқауға қатысушы кеудесіндегі татиуровка үшін сын садағына ілінді. Бұған Жапонияда тыйым салынған.
«Дизайнер өз идеясынан бас тартқанын қалаймын. Кимоно марқұмдарға қолданылатын жағына киілген. Хризантема - империя отбасының символы және дәл бұлай қолданылмайды. Менің ойымша, кейбіреулер бұл бейнені Жапонияға құрметсіздік деп санауы мүмкін», - деп жазды тағы біреуі.