Ұлттар лигасының жеребесі: Қазақстан кіммен ойнайды?

Ұлттар лигасының жеребесі: Қазақстан кіммен ойнайды?

Ұлттар лигасының жеребесі: Қазақстан кіммен ойнайды?
ашық дереккөзі
16 желтоқсанда Швейцарияның Монтре қаласында «УЕФА» Ұлттар Лигасының 2022-2023 жылғы жеребесі тартылды, деп жазды turkystan.kz. Жеребе барысында командалар топтарға төрт лигада бөлінді: «А», «В», «С» және «D». Турнир ұтыс ойынына 55 құрама қатысты. Ұлттық құраманың тағдыры 2022 жылдың наурыз айында шешіледі. Молдова командасымен түйісу матчтарында жеңімпаз команда «С» дивизионындағы орнын сақтап қалады. Ал ұтылған команда бір саты төмендейді. Қазақстан мен Молдованың алғашқы матчы 24 наурызда Кишиневте, ал жауап ойыны 29 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Жеребе таратылмас бұрын командалар 2020-2021 жылдардағы турнирдегі нәтижелері негізінде себеттерге бөлінді. Жеребе қорытындысы төмендегідей: «А» Лигасы 1-Топ: Франция, Дания, Хорватия, Австрия 2-Топ: Испания, Португалия, Швейцария, Чехия 3-Топ: Италия, Германия, Англия, Венгрия 4-Топ: Бельгия, Нидерланды, Польша, Уэльс «В» Лигасы 1-Топ: Украина, Шотландия, Ирландия, Армения 2-Топ: Исландия, Ресей, Израиль, Албания 3-топ: Босния және Герцеговина, Финляндия, Румыния, Черногория 4-Топ: Швеция, Норвегия, Сербия, Словения «С» Лигасы 1-топ: Түркия, Люксембург, Литва, Фарер аралдары 2-Топ: Солтүстік Ирландия, Греция, Косово, Кипр/Эстония 3-Топ: Словакия, Беларусь, Әзербайжан, Қазақстан/Молдова 4-Топ: Болгария, Солтүстік Македония, Грузия, Гибралтар «D» Лигасы 1-Топ: Лихтенштейн, Қазақстан/Молдова, Андорра, Латвия 2-Топ: Сан-Марино, Кипр/Эстония, Мальта Егер Қазақстан «С» дивизионындағы орнын сақтап қалса, онда 3-топта Словакия, Беларусь және Әзербайжанмен кездеседі. Ал егер Талғат Байсуфиновтың шәкірттері «D» дивизионына түссе, онда олар 1-квартетте Лихтенштейн, Андорра және Латвиямен ойнайтын болады.