Елордада үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды

Елордада үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды

Елордада үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды
ашық дереккөзі
 Ауруханаға ауыр жағдайда түскен қала тұрғыны есін жинамаған күйі өмірден өтті, деп жазды turkystan.kz. Қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1965 жылы туған науқас №2 қалалық көпсалалы ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Әйелді шұғыл түрде арнайы мамандар тексеріп, кейін жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының ауыр контузиясы анықталған. Денесінде түрлі жарақаттар болған. Миға операциялар кезең-кезеңімен жасалды. Өкінішке қарай, ота оң нәтиже берген жоқ.
«Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимаған күйде қайтыс болды. Жасалған реанимациялық шараларға қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлаған болатын. Оқыс оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.