Түрмеге қамалған журналистердің саны рекорд жаңартты

Түрмеге қамалған журналистердің саны рекорд жаңартты

Түрмеге қамалған журналистердің саны рекорд жаңартты
ашық дереккөзі
«Шекарасыз репортерлар» ұйымының есебіне сәйкес, 2021 жылы өз жұмысы үшін әлем бойынша түрмелерде отырған журналистердің саны 488-ге жетті, деп жазды turkystan.kz. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық және рекордтық көрсеткіш. Сөз бостандығын табанды қорғап, шабуылдар мен қудалауларға ұшыраған журналистер арасында 60 әйел бар. Ең алаңдатарлық жағдай Қытай, Мьянма және Беларусь елдерінде 212 БАҚ қызметкері темір тордың ар жағында отыр. Вьетнам және Сауд Арабиясымен қоса алғанда осы бес ел дүние жүзіндегі тұтқындаулардың 59%-ын құрайды. Атап айтқанда, Беларусьте 32 журналист түрмеге қамалған. Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша әлем бойынша 293 журналист түрмеде отыр, оның ішінде біреуі Қазақстанда.