Волейбол: Қазақстандық клуб әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Волейбол: Қазақстандық клуб әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Волейбол: Қазақстандық клуб әлем чемпионатын сәтсіз бастады
ашық дереккөзі
Анкарада әйелдер кәсіпқой клубтары арасында волейболдан әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық клуб турнирдегі алғашқы ойында жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.  Алғашқы ойында өскемендік «Алтай» клубы бразилиялық «Minas Tenis Club» клубымен кездесті. Жекпе-жек 0:3 (20:25, 22:25, 18:25) есебімен қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды. Айта кетейік, топта «Алтай» клубынан бөлек, италиялық «Карраро Имоко Конеглиано», Түркиядан «ВакифБанк Стамбул» және «Фенербахче Опет Стамбул», сондай-ақ бразилиялық Minas Tênis Clube және Dentil Praia Clube командалары бақ сынап жатыр.