Жаңаөзенде қылмыстық топ ұсталды

Жаңаөзенде қылмыстық топ ұсталды

Жаңаөзенде қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. 8 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қала тұрғыны "Калашников" жауынгерлік автоматын сатып жатқан жерінен ұсталды. Бұған дейін ол "Макаров" тапаншасын сатқан. Қылмыстық топқа қатысы бар адамдардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында «Макаров» пистолеті, 2 келте мылтық, оқ-дәрілер, сондай-ақ аса ірі мөлшерде әртүрлі есірткі құралдары («мефедрон», «апиын») тәркіленді. Ұсталған топ қатысушылары мойындау түсініктерін берді, олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК 287 (қаруды заңсыз өткізу және сақтау) және 297 (есірткі құралдарын заңсыз сақтау) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.