Инспектор аңды заңсыз аулап жүргенде қаза тапқан

Инспектор аңды заңсыз аулап жүргенде қаза тапқан

Инспектор аңды заңсыз аулап жүргенде қаза тапқан
ашық дереккөзі
Полиция куәгері, күдікті және марқұм Серік Мәженов қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. БАҚ-та 14 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы, 1977 жылы туған Серік Сағындықұлы Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болғаны хабарланған болатын. Алайда, полиция қызметкерінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Тергеу кезінде куәгерлер, күдікті мен жәбірленуші қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқаны анықталды. Тергеу әлі жүріп жатыр. БҚО Полиция департаменті өкілдері ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпараттан аулақ болуды сұрайды. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан жағдайда Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жаза қарастырылғанын ескертеді», - делінген хабарламада.