«Қоңырау шалса болды». Хабиб қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

16 желтоқсан, 2021 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
«Қоңырау шалса болды». Хабиб қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады «Eagle FC» лигасының басшысы ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов өзінің бұрынғы қарсыласы америкалық Дастин Порьемен (28-8-0-1) келісімшартқа отыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол АҚШ-та өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Дастин Порьені «Eagle FC» лигасына 75 килограмм салмаққа аламын. Егер «UFC» оны жіберетін болса, келісімшарт жасасуға дайынмын. Алға, Дастин! Қоңырау шалсаң болғаны», - деді «UFC»-дің бұрынғы чемпионы.
Айта кетейік, Хабиб пен Порье 2019 жылдың қыркүйек айында «UFC» аясындағы турнирде жұдырықтасқан болатын. Бұл жекпе-жекте ресейлік екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, титулын екінші рет қорғап қалған еді.