Жаңалықтар

Енді біржолғы зейнетақы төлемдерімен-ақ жер алуға болады

ашық дереккөзі

Енді біржолғы зейнетақы төлемдерімен-ақ жер алуға болады

«Отбасы банкі» біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алуға болатынын мәлімдеді. Бұл сүйінші жаңалықты «Отбасы банкі» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Facebook-тегі жеке парақшасына жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. «Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер туралы хабардар етуді жалғастырамыз. БЗТ пайдаланудың жаңа мақсаты қосылды. Енді зейнетақы жинақтарының көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады» деп жазды ол. Сондай-ақ, банк өкілі біржолғы зейнетақы төлемдерін жер сатып алу мақсатында пайдалану үшін телімінің нысаналы мақсаты – ЖТҚ немесе ЖҚШ болуы тиіс екенін ескертті. Жаңа енгізілген ереже бойынша, жер сатып алған жағдайда ол жерге 24 айда үй салып, банкке құжаттарды ұсыну қажет. Оған қоса, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланып, жер сатып алуға қажетті құжаттар да атап өтілді. Сонымен, жер телімін алуға қолданысқа енгізілу актісі, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама қажет.