Қаруланған адамдар Үкіметке басып кірді (ВИДЕО)

Қаруланған адамдар Үкіметке басып кірді (ВИДЕО)

Қаруланған адамдар Үкіметке басып кірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ливия президенті сарайын қоршаған қарулы адамдар Триполидегі үкімет пен қорғаныс министрлігі ғимаратына басып кірді, деп жазды turkystan.kz Sky News Arabia-ға сілтеме жасап. Шетелдік басылым елдегі Президенттік кеңестің төрағасы мен мүшелерінің әскерилер басып кірмес бұрын қауіпсіз жерге эвакуацияланғанын хабарлайды. Қарулы басқыншылардың иелігі туралы ештеңе айтылмаған. Агенттік олардың Ас-Самуд бригадасы батальонының адамдары деген болжам жасайды.
«Әскерилер Ливияда президенттік сайлау болмайтынын айтып, Триполидегі барлық мемлекеттік кеңселерді жабамыз деп қорқытуда. Қарулы халық басқа да маңызды инфрақұрылым нысандарын басып ала бастады. Болып жатқан жағдай барысында Триполидің бірқатар аудандары жарықсыз қалды», – дейді басылым өкілдері.
Еске сала кетсек, 24 желтоқсанда Ливияда президент сайлауы басталуы керек еді. Дегенмен, билікке таласушылар көбейіп, сайлау уақыты шегеріліп келді. Үміткерлердің арасында Муаммар Каддафидің ұлы,  қазіргі билікке қарсы шыққан әскердің қолбасшысы генерал Халифа Хафтар да бар.