Жаңалықтар

Қаруланған адамдар Үкіметке басып кірді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қаруланған адамдар Үкіметке басып кірді (ВИДЕО)

Ливия президенті сарайын қоршаған қарулы адамдар Триполидегі үкімет пен қорғаныс министрлігі ғимаратына басып кірді, деп жазды turkystan.kz Sky News Arabia-ға сілтеме жасап. Шетелдік басылым елдегі Президенттік кеңестің төрағасы мен мүшелерінің әскерилер басып кірмес бұрын қауіпсіз жерге эвакуацияланғанын хабарлайды. Қарулы басқыншылардың иелігі туралы ештеңе айтылмаған. Агенттік олардың Ас-Самуд бригадасы батальонының адамдары деген болжам жасайды.

? #Libya- According to local reports, a group of armed gunmen has surrounded the Presidential Council building in #Tripoli. Photos&vids purported to show armed gunmen posted up around the offices of PM Abdul Hamid Dbeibeh, leader of the Government of National Unity. ? pic.twitter.com/HRwzjvelgw

— Mete Sohtaoğlu (@metesohtaoglu) December 15, 2021 «Әскерилер Ливияда президенттік сайлау болмайтынын айтып, Триполидегі барлық мемлекеттік кеңселерді жабамыз деп қорқытуда. Қарулы халық басқа да маңызды инфрақұрылым нысандарын басып ала бастады. Болып жатқан жағдай барысында Триполидің бірқатар аудандары жарықсыз қалды», – дейді басылым өкілдері. Еске сала кетсек, 24 желтоқсанда Ливияда президент сайлауы басталуы керек еді. Дегенмен, билікке таласушылар көбейіп, сайлау уақыты шегеріліп келді. Үміткерлердің арасында Муаммар Каддафидің ұлы,  қазіргі билікке қарсы шыққан әскердің қолбасшысы генерал Халифа Хафтар да бар.