Динар Нөкетаева: 30 жылдықты айтулы жетістікпен қарсы алдық

Динар Нөкетаева: 30 жылдықты айтулы жетістікпен қарсы алдық

Динар Нөкетаева: 30 жылдықты айтулы жетістікпен қарсы алдық
ашық дереккөзі

Біз Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғын айтулы жетістік­тер­мен қарсы алып отырмыз деу­ге то­лық негіз бар.

Еліміз тәуелсіздік алған уа­қыт­­тан бері білім, медици­на, эко­но­мика, әлеуметтік қам­сыз­дан­дыру, индустриялық даму, мә­де­ниет, қо­ғамдық келісім, идеоло­гия­лық тұрақ­тану жолында бірқа­тар жетіс­тікке қол жеткіздік. Бұл жолда кездескен қиын­дық­­тар­дың барлығын ең­серу­ге Елба­сының әлемдік тенден­цияларды мұ­қият ескере отырып, қабылданған бағ­дарламалық құ­жат­тары, жолдау­лары, үндеулері ай­н­ымас бағыт-бағ­дар беріп отыр­ды. Мұндай бағдарламалық құ­жат­тардың уақыт тала­бы­на сай туындап отырған мәсе­ле­лер­дің шеші­мін дөп басуы арқылы өмір­шең болып келетінін және үне­мі өзара сабақ­тастығын ж­о­ғалт­пайтынын жақсы білеміз. Осы дәстүрмен жақында ға­на өт­кен «Nur Otan» пар­тия­сы Сая­­с­и кеңесінің кеңейтілген отыры­сын­да Елбасы Н.Назарбаев жаңа дәуірдегі қа­зақ­стандықтарға бағдар болатын «Ел­­діктің жеті тұғыры» атты қағи­дат­тар жиын­тығын ұсынды. Тәуелсіздік, бірлік пен келі­сім, қа­сиетті жер, отбасы мен салт-дәс­түр, ұлт мәдениеті, бі­лім мен ең­бек, прагматизм... Елбасы бұл мәнді ұғымдарды «ел­­діктің жеті тұғыры» деп ата­ды. Елбасы білім мен еңбек мәсе­ле­сіне ерек­ше тоқталып өтті. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Осы орай­да білім сала­сын­да бірқатар ау­қымда жұмыс ат­қары­­лып жат­қанын айта кеткен жөн. «Педагог мәртебесі туралы» заң қа­был­дан­ғалы педагогтердің еңбек жағд­айлары жақсартылды, олардың жа­лақысы артты. Мұғалімдерді өзі­не тән емес функциялардан жә­не тек­серулерден босату бойынша шаралар қабылдануда. 2022 жылғы қаңтарда балабақ­ша­лар, мектептер мен колледждер пе­дагогтерінің жалақысы тағы 25 пайыз­ға артатын болады. Дегенмен қоғамда мұғалім ма­ман­дығын дәріптейтін насихат жұ­мыс­тары дәйекті түрде жүргі­зілуі керек деп есептеймін. Бұл ретте мұғалім ма­ман­ды­ғы­ның артықшылық­тары тура­лы шынайы қызықты мақа­ла­лар жазыл­са, отандық телесериал­дар мен фи­льм­­дер түсірілсе қандай ғажап болар еді. Сонымен қатар мұғалімдерге ар­­налған БАҚ (газеттер, жур­­налдар, балалар әдебиеттерін, теле­жур­налдар мен бағдарламалар) қайта жаң­ғыртқан жөн. Білім жүйесіне енгізілетін жаңа­лық­тар мен жаңа ме­то­ди­калар­ды мұғалімдерге, ата-ана­ларға, жалпы қоғамға дер ке­зін­де жеткізіп отыру маңызды. Сондықтан да Елбасы «та­быс­­тың кілті үздіксіз білім алу мен ты­ным­сыз еңбек етуде» еке­нін үнемі айту­мен келеді. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұ­ғыр­лы, іргеміз берік болсын!

Динар НӨКЕТАЕВА, Сенат депутаты