Алматыда студенттерге жатақханадан шығуға тыйым салынды

Алматыда студенттерге жатақханадан шығуға тыйым салынды

Алматыда студенттерге жатақханадан шығуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Шаһардың Жаңа алаңының маңында мобильді интернет жоқ. Дегенмен, ұялы байланыс қолжетімді. Сондай-ақ, сол аумақтарда – Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін және Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта жеңіл көліктердің қозғалысы шектелген, деп жазды turkystan.kz. «Qumash» атты «Telegram» арнасының хабарлауынша, ҚазБСҚА студенттері әртүрлі сылтаулармен екі күн бойы, яғни 16-17 желтоқсанда жатақханадан сыртқа шығарылмайды. Жастардан өздеріне қажетті азық-түлікті алдын ала қамту немесе үйлеріне қайту сұралған. Расталған дереккөздің айтуынша, ҚазҰПУ студенттері жатақханадан шығатын болса, ЖОО өкілдеріне алдын ала хабарлаулары керек. Университет жатақханасындағылар олардың қайда барып, қайда тұратындықтары жазылып жатқанын растады. Бұл шектеу шаралары Алматыда өтуі мүмкін, митингтерге байланысты деген болжам бар.