Кемелдену кезеңі

Кемелдену кезеңі

Кемелдену кезеңі
ашық дереккөзі

Тәуелсіздік алғалы бері отандық мә­дениет саласының норма­тив­тік-құқықтық базасы қалыптасты. «Мә­дени мұра» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы әзір­леніп, жүзеге асырылды. Бағ­дарлама тарихи-мәдени мұраның ау­қымды бө­лігін жүйелеуге мүмкіндік бер­ді, ел тари­хындағы теңдесі жоқ же­міс­ті гу­манитарлық акцияға айналды. Ха­лық­тың бай әлеуеті көрсетіліп, отан­дық мәдениет пен ғылымды жаңа дең­гейге кө­теруге мүмкіндік беретін баға жетпес тә­жірибе болды. Алғаш рет рес­публи­ка­лық және жергілікті маңы­зы бар тарих және мәдениет ес­керт­кіш­тері­нің тізімі бекітілді, тарих және мә­дениет ескерт­кіш­терінің жинағы шы­ғарылды.

Отандық тарихи-мәдени мұраларды дәріптеудегі маңызды қадам «Ру­ха­ни жаңғыру» бағдарламасы болды. Та­ри­хи орындарды толық жүйелеу бойынша жүр­гізіл­­ген ауқымды жұмыстың нәтижесінде жал­пыұлттық маңызы бар 256 нысан және жергілікті маңызы бар 575 нысан қалып­тас­тырылды. Жалпы алғанда, 1991 жылдан 2020 жылға дейін тарих және мәдениет ес­керткіштерінде 270-ке жуық ғылыми-рес­таврациялау жұмысы жүргізілді. Виртуалды кар­та платформасында киелі нысандардың деректерін толық визуализациялау мүм­кін­дігі бар qazmaps.kz платформасында 500-ден астам нысан цифрландырылды. «Киелі Қа­зақстан» энциклопедиясының 4 томы жа­рық көрді. Тарихи нысандар туралы қысқаша жә­не толық ақпарат беретін «Жал­пыұлт­­тық маңызы бар Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» көпфункционалды вир­туалды картасы жасалды. Алғаш рет «Жал­пыұлттық маңызы бар Қазақстанның кие­лі нысандары» тізіміне енген Қазақ­стан­ның сәулет ескерткіштерінің (Ясауи жә­не Қарахан кесенелері) 3D үлгілері жа­сал­­ды. 4 деректі тарихи фильм жарық көрді. Қазір жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің ті­зі­міне 11 мыңнан астам, республикалық маңы­­зы бар 250 және халықаралық маңызы бар 10 нысан енгізілген. Олардың қатарында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізі­міне енген Ясауи кесенесі (2003), Таң­ба­лы петроглифтері (2004) және 8 архео­ло­гиялық ескерткіш (Талғар, Қарамерген, Қая­лық, Ақыр­тас, Құлан, Мерке, Өрнек жә­не Қостөбе қалалары «Жібек жолы» се­риялық номи­на­циясы бойынша) бар. Қазақстанның тарихы мен мә­де­ние­ті­нің бірегей ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның дү­­­ниежүзілік мұралар тізі­міне енгізу бойын­ша шаралар қабылдау іс-шарасы ая­сында қазір Өз­бекстан, Қырғыз Респуб­ли­касы және Тәжік­стан елдерімен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дә­лізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша құжат­тарды дайындау жұмыс­тары жүргізілуде. Номинация аясында Түркістан және Қы­зыл­орда облыстарында ор­наласқан Сауран, Ал­тын Асар, Жанкент, Сығанақ, Отырар, Яссы (Түркістан) қала­шық­тарын ЮНЕСКО тізі­міне енгізу жос­парланған. Соңғы жылдар ішінде 5 мемлекеттік музей-қорық құрылды. «Отырар», «Таң­балы» және «Ұлытау» музей-қорық­тары­ның визит-орталықтары ғимаратының құры­лысы аяқталды. Қазір елімізде әртүрлі бағыттағы 253 музей жұмыс істейді. 2017 жыл­дан 2020 жылға дейінгі кезеңде жүр­гізіл­ген экспедициялардың нәтижелері бойын­ша отандық музейлердің қоры 15 000-нан астам экспонатқа толықты. 2014 жы­лы Орталық Азия­дағы ең ірі мәдени ор­талық – Қазақ­станның Ұлттық музейі ашыл­ды. Қазір рес­пуб­ликаның барлық му­зейінде музей қорын есепке алу бойын­ша автоматтан­дырыл­­ған ақпараттық жүйе­лер қолданылады. Кітапхана ісін дамыту саласындағы ба­сым бағыттардың бірі – Қазақстан кі­тапханаларын бірыңғай ақпараттық же­ліге интеграциялау және бірыңғай кітап­ха­налық каталогті ұйымдастыру. Қазір елі­мізде 3 925 кі­тап­хана бар. Жыл сайын елі­міз­дің кітап­хана қоры 2,5 миллионнан ас­там құжатқа толығады. Халықаралық қауымдастықпен бай­ла­нысты нығайту мақсатында Қы­тай, АҚШ, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Ма­лайзия, Венгрия, Швеция сияқты әлемнің 35 елінің ұлттық кітапханаларында қазақ­стан­дық әдебиет пен мәдениет орталықтары ашыл­­ды. Сонымен қатар министрлік ұлт­тық жо­баның «Ел рухы» бағыты аясында «За­ғип және көзі нашар көретіндерге ар­нал­ған кі­тап­ха­налар қорын, соның ішінде мем­­лекет­тік тілдегі ұлғайту» іс-шарасын жүр­­гізуде. Соны­мен қатар бүгінде кітап­ха­на­ның оқыр­ман­дарға ұсынатын онлайн қыз­метін жетіл­діру мәселесі өзекті. Осыған орай министрлік Қа­зақстан ұлттық электрон­­дық кітап­ха­насының қызметін же­тіл­діру, модифика­ция­лау және оқыр­ман­дар үшін мобильді қосым­ша­лар арқылы элек­трондық кітапхананы қол­жетімді ету жұмыстарын жүргізетін бо­лады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 20 театр ашылып, 8 театр жаңа ғи­маратқа көшірілді. Жыл сайын театр алаң­дарын­да әртүрлі жанрдағы 12 мыңға жуық спек­такль қойылады. Бүгінде Қазақстанда 65 театр, олардың ішінде 54 мемлекеттік театр (4 ұлттық (этникалық) театр: ұйғыр, корей, неміс және өзбек театрлары) жұмыс істей­ді. Бейіні бойынша театрлар: 3 – опера жә­не балет, 6 – жас көрермен, 10 – қуыршақ, 35 – драмалық, 4 – музыкалық комедия, 7 – музыкалық-драмалық, жастар мен сатира. Еліміз опера және балет өнерін да­мы­туға ерекше көңіл бөледі. Елімізде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік ака­де­мия­лық опера және балет театры, «Астана Опера», «Астана Балет» мемлекеттік опера жә­не балет театры өз қызметін табысты жү­зеге асыруда. Мемлекеттің қолдауымен опера және балеттің жетекші солистері Ла Ска­ла театрының академиясында, Вена опе­расында, Мариин театрында, Перголези Спон­тини қорында, Болоньядағы ита­лия­лық опера мектебінде тағылымдамадан өтеді. 2013 жылы Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасы­мен «Астана Опера» мем­ле­кеттік опера және ба­лет театрының салта­нат­ты ашылуы өтті. Бұл мәдениет сала­сын­дағы айтулы оқиға болды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан­ның мәдениет саласындағы маңыз­ды стратегиялық жобасының бірі – ұлттық кино өндірісін дамыту. 1991 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде «Қазақфильм» киностудиясы 574 көркем, деректі және ани­мациялық фильмдер, оның ішінде 157 то­лықметражды көркем фильм шығарды. Тарихта алғаш рет қазақстандық кино мақ­сатты түрде халықаралық прокатқа шықты. Сон­дай-ақ Голливуд компанияларымен бір­лесіп түсірілген «Әміре» картинасы 4 ап­та бойғы көрсетілімде алғашқы орында тұр­ды. 2017 жылы Канндағы әлемдегі беделді ки­нофестивальда алғашқы қазақстандық павильонның ашылуы, отандасымыз Самал Есля­мованың «Үздік әйел рөлі үшін» гран-при алуы – ұлттық кинематограф тари­хын­дағы жетістік. 2025 жылға дейін «Қазақанимация» шы­ғармашылық бірлестігін құрып, 40 отан­дық анимациялық фильм түсіру, отбасылық көр­сетілімге арналған анимациялық фильм­дерді дубляждауға қолдау көрсету, цифрландыру мен фильмдерді реставрация­лау, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясын жаңғыртуды мақсат етіп отырмыз. Қазақстан алғаш рет тәуелсіз мем­ле­кет ретінде 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Онда Владимир Смирнов тәуелсіз Қазақстан тари­хын­да тұңғыш рет 1 алтын және 2 күміс ме­­да­льге ие болды. Тәуелсіздік алған күннен бас­тап осы уақытқа дейін қысқы Олим­пиа­далық спорт түрлерінен әлем чем­пио­нат­та­рында ұлттық құрама командалардың спорт­шылары 5 алтын, 6 күміс, 7 қола ме­даль, барлығы 18 медаль жеңіп алды. Ал жаз­ғы Олим­пиадалық спорт түрлерінен әлем чем­пио­наттарында ұлттық құрама ко­манда­лардың спортшылары 47 алтын, 52 күміс, 101 қола медаль, барлығы 200 медаль жеңіп алды. Алғаш рет спортшылардың спорт­тық этика­сы жасалып, бекітілді. Бү­гінде елімізде спорт түрлерінен 101 рес­публикалық федерация жұмыс істейді. Елімізде VII қысқы Азия ойындары мен ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Уни­вер­сиада сияқты ірі спорттық жарыс­тардың өткізілуіне байланысты әлемдік стандарт­тарға сәйкес келетін бірқатар ірі спорт ғи­мара­ты («Сарыарқа» республикалық велотре­гі, «Астана Арена», «Алатау» шаңғы және биат­лон стадиондарының кешені, «Барыс Арена», «Алау», «Алматы арена», «Ха­лық аре­на» мұзайдындары, «Сұңқар» шаңғы трам­плиндерінің халықаралық кешені), сондай-ақ алғаш рет Алматыда 5 000 орын­дық ат­ле­тикалық қалашық салынды. Ведомствоның статистикалық есебіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша республикада 41 352 спорт ғимараты (ауылдарда 23 693) қызмет етеді. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 77 ста­дион, 38 спорт сарайы, 7,8 мыңнан астам спорт алаңы мен 2 мыңнан астам спортзалы са­лынды. Туризм саласында стратегиялық маңыз­ды қадамдар жасалды, оның ішін­д­е нормативтік-құқықтық база, саланы дамытуға бағытталған бірқатар стратегия­лық құжат әзірленіп, мемлекеттік қолдау­дың маңызды шарасы қабылданды. 2009-2019 жылдар аралығында шетелдік турис­тер саны 513 мыңнан 980 мың адамға дейін өсті. Кейінгі кезде Қазақстан туризм бойын­ша әртүрлі халықаралық рей­тингте де­малу үшін ең жақсы орындардың бірі, әсіресе экотуризм үшін бағыт ретінде жиі аталады. Инфрақұрылымды жақсарту және турис­тер үшін қолайлы жағдай жасау мақ­сатында 2025 жылға дейін респуб­ли­ка­лық музей-қорықтардың аумағында 8 ви­зит-орталық салынатын болады. Бұдан басқа, министрлік отандық қа­ламгерлерді ынталандыру мақсатын­да 2022 жылдан бастап «Үздік балалар шы­ғармасы», «Жылдың үздік кітабы» бай­қауын ұйымдастырады. Сондай-ақ алдағы жылдан бастап отандық жас қаламгерлерге мем­лекеттік қолдау көрсету, жаңа есімдерді ұлық­тау мақсатында жас ақын-жазушы­лар­ға Президенттің арнайы «Айбоз» әдеби сый­лығы тағайындалатын болады. 2025 жыл­ға дейін шығармашылық пен өнер өкіл­дерінің, жас ақындар мен жазушылардың, драматургтердің, сценаристер мен пуб­лицистердің, сондай-ақ айтыс, мүшәйра, жыр-терме, конкурс, фестиваль, әдеби оқу, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар өкіл­дерінің жетістіктерін және басқа да іс-шараларды ілгерілету бойынша 30 іс-шараға қолдау көрсетілетін болады. Мәдениет – мемлекеттің рухани дамуының стратегиялық ресурсы. 30 жыл ішінде рухани-мәдени салада үлкен серпіліс болды. Мұның барлығы – тәуел­сіздіктің арқасы. Атқарылған жұмыстар ха­лықтың рухани мәдени-кемелденуіне ық­пал етті, мұндай игі бастамалар мен жо­балар алда да жалғасын таппақ.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, Мәдениет және спорт министрі