Боз кілемде өнер иелері мен блогерлер белдеседі

Боз кілемде өнер иелері мен блогерлер белдеседі

Боз кілемде өнер иелері мен блогерлер белдеседі
ашық дереккөзі
Ертең, хандықтың қадасы қадалған Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дәстүрлі «Өнер барысы» турнирі өтеді, деп жазды turkystan.kz. Биылғы «Өнер барысына» Медет Жанабай, Артур Толепов, Азимжан Сайдбаев, Қайрат Мырзахан, Асылхан Төлепов, Азат Жұмаділ, Талғат Мықи, Асхат Нурмашев, Бейбіт Көшқалиев, Аян Өтепберген, Арман Қоңыр, Рүстем Жанаманов, Мұхтар Ниязов, Дәулет Бижанов, Әділет Рахметолла, Құрал Молжанов, Ғалым Махамбет, Еркебұлан Дайыров, Мейіржан Төребаев, Мансар Орынхан, Әділжан Омаров, Есентай Ниязбаев Шаһаризат Сейдахмет, Тәуекел Мүсілім, Қанат Әлжаппаров, Олжас Сүлейманов секілді елге танымал өнер майталмандары мен блогерлер қатысады. Алдымен 28 қатысушы арасында салмақ бойынша жеребе тартылады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 16 миллион теңге. Ал әрбір салмақ дәрежесіндегі жеңімпазға 1 миллион теңге табысталады.