Әкім мен депутат мәселелерін рингте шешті (ВИДЕО)

Әкім мен депутат мәселелерін рингте шешті (ВИДЕО)

Әкім мен депутат мәселелерін рингте шешті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бразилияда Борба қаласының әкімі Симау Пейшото өзінің бұрынғы кеңесшісі, ал қазіргі таңда парламент депутаты Эринеу да Силваны жекпе-жекке шақырды, деп жазды turkystan.kz The Guardian-ға сілтеме жасап. Екі шенеунік әлеуметтік желіде қалалық саябаққа қатысты жанжалдасып қалған. Депутат шаһар басшысын өзен бойындағы саябақты сақтай алмағаны үшін сынға алыпты. Бұған жауап ретінде Симау Пейшото оны сабауға дайын екенін көрсеткен видео жариялайды. Осылайша, екі шенеунік аралас жекпе-жек ережесі бойынша төбелесетін болып шешеді. Жергілікті мектептің спорт залында өткен жекпе-жек тікелей эфирде көрсетілген. Билет бағасы 17 долларды құрағанымен көрермендер залға лық толған. 13 минутқа созылған үш раунд қорытындысы бойынша қала әкімі ұпай санымен жеңді. Жекпе-жектен кейін прокуратура дуэльдің мемлекеттік бюджеттен алынған ақша есебінен жүргізілгенін анықтау үшін тергеу шарасын бастады. Бес күн ішінде Пейшото жекпе-жектің қандай қаржыға ұйымдастырылғанын және көрермендердің билеттерін сатудан түскен қаражаттың қайда жұмсалғанын хабарлауы керек.