«Nickelodeon» мен «TiJi» арналары қазақ тілінде сөйлейді

«Nickelodeon» мен «TiJi» арналары қазақ тілінде сөйлейді

«Nickelodeon» мен «TiJi» арналары қазақ тілінде сөйлейді
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жоба жүзеге асырыла бастайды, деп жазды turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар контентін мемлекеттік тілде дамыту аясында жүзеге асуда. Балалар арасында жоғары сұранысқа ие «TiJi» және «Nickelodeon» телеарналарының аудиожазбаларын отандық кабельдік телевизия бойынша кемінде 600 сағат дубляждық аудару және трансляциялау жоспарлануда. Трансляция 2022 жылы басталады деп жоспарланған.
«29 қыркүйекте министр Аида Балаева мен «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар қоржынын халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье («TiJi») өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту және жан-жақты ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыруға дайындығын білдірген болатын. Сөйтіп, белгілі «Nickelodeon», «TiJi» балалар телеарналарымен келіссөздер басталып, 2021 жылы олардың контентін қазақ тіліне аудару бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді», - делінген министрліктің хабарламасында.
Айта кету керек, балалар телевизиялық контентін өндірушілерді таңдау кезінде балалар телеарналарының осындай жобаларды іске асырудағы тәжірибесі мен хабар тарату тілдерінің саны да ескерілген. Мәселен, «Nickelodeon» арнасының 70 елде 22 тілде, «TiJi» арнасының 20 елде 14 тілде хабар тарату тәжірибесі бар.