Қазақстандық файтерлер 2021 жылы «UFC»-де қанша табыс тапты?

Қазақстандық файтерлер 2021 жылы «UFC»-де қанша табыс тапты?

Қазақстандық файтерлер 2021 жылы «UFC»-де қанша табыс тапты?
ашық дереккөзі
2021 жыл аяқталуға жақын. Ал «UFC» ұйыммен келісімшарты бар барлық қазақстандық файтерлер өз жекпе-жектерін өткізіп үлгерді, деп жазды turkystan.kz. Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Файтерлердің тізімінде Мария Агапова (10-2, ең жеңіл салмақ), Жалғас Жұмағұлов (14-6, ең жеңіл салмақ), Сергей Морозов (17-5, жеңіл салмақ), сондай-ақ Шавкат Рахмонов (14-0, жартылай орта салмақ) бар. Сондай-ақ, ресейлік қандас Дамир Исмагулов (23-1, жеңіл салмақ) пен Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (20-7, жеңіл салмақ) те октагонда өнер көрсеткенін атап өткен жөн. Дамир «UFC» торына ешқашан Қазақстан жалауынсыз шықпаған. Ал Сайран туымызды көтермесе де, «Instagram»-дағы парақшасын ағылшын, қытай және қазақ тілдерінде бірдей жүргізеді. Сол себепті қос файтер біздің тізімге қосылды. Жоғарыдағы спортшылардың барлығы 2021 жылы «UFC» промоушені аясында 10 жекпе-жек өткізді: Жалғас Жұмағұлов 1-2 (бір жеңіс - екі жеңіліс). Сергей Морозов 1-1 (бір жеңіс - бір жеңіліс). Сайран Нұрданбек 1-1 (бір жеңіс - бір жеңіліс). Мария Агапова 1-0 (бір жеңіс). Шавкат Рахмонов 1-0 (бір жеңіс). Дамир Исмағұлов 1-0 (бір жеңіс). Барлық турнирлерде жауынгерлер 288 мың АҚШ доллар (126,55 миллион теңге) табыс тапты. Бұл «ММА» стандарттары бойынша соншалықты үлкен сома емес. Әсіресе, он жекпе-жекте алты спортшының күшімен алынғанын есепке алсақ. Жұлдызды жауынгерлер мұндай төлемді тек бір жекпе-жек үшін ала алады. Осы жылы файтерлердің тапқан табысы төмендегідей: Мария Агапова – 78 мың доллар. Жалғас Жұмағұлов – 62 мың доллар. Дамир Исмағұлов – 44,5 мың доллар. Сайран Нұрданбек – 38 мың доллар. Сергей Морозов – 37,5 мың доллар. Шавкат Рахмонов – 28 мың доллар. Көріп отырғаныңыздай, Мария Агапова тапқан қаржы жағынан көш бастап тұр. Бірақ ол бір жылда жалғыз жекпе-жек өткізді. Сонымен қатар ол 50 мың доллар көлемінде бонус алды. Мария «UFC» бонусын алған және мансабында екінші рет жеңіске жеткен жалғыз қазақстандық. Жалғас Жұмағұлов үш жекпе-жектің есебінен қалғандарынан көп табыс тапты. Бұл тұрғыда оған тең келер ешкім жоқ. Дамир Исмағұлов бір жекпе-жекте Сайран Нұрданбек пен Сергей Морозовқа қарағанда екі ойында көп табыс тапқан. Мұнда Дамирдің жақсартылған келісімшарты рөл атқарады. 2018 жылы қандасымыз «UFC»-де дебют жасап, бірден үш жеңіске жетті. Әрқайсысы келесі жекпе-жек үшін ең төменгі төлемді арттырды. Айта кетейік, алдағы айларда қазақстандықтардың қатысуымен жарияланған екі жекпе-жек бар. 5 ақпанда Шавкат Рахмонов 34 жастағы Карлстон Харриспен (17-4) кездеседі. Ал бір аптадан кейін, яғни 12 ақпанда, Сергей Морозов 36 жастағы Дуглас Силва де Андрадемен (27-4-0-1) жұдырықтаспақ. Қос файтеріміз үшін де бұл кездесу атақты промоушендегі үшінші жекпе-жек болады.