Белгісіз азамат бүлдіршіннің еміне 200 мың доллар аударды

Белгісіз азамат бүлдіршіннің еміне 200 мың доллар аударды

Белгісіз азамат бүлдіршіннің еміне 200 мың доллар аударды
ашық дереккөзі
Орал қаласындағы Фатима Асқар есімді бүлдіршіннің еміне бір есепшоттан 200 мың АҚШ доллары аударылды. Қыздың ата-анасы мейірімді жанның кім екенін білмейді, дегенмен оған алғысы шексіз, деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап. Фатиманың әкесі Қанат Құспановтың айтуынша, 14 желтоқсан күні олардың есеп шотына 85 миллион (200 мың доллар) теңге түскен.
«Ол адамның кім екенін, қай қаладан екенін білмейміз. Бар білетініміз - ол кең жүректі, мейірімді жан иесі. Біз үшін ол сиқыршымен тең. Шын жүректен алғыс білдіргіміз келеді. Біздің қызымызды құтқаруға қосқан үлесіңіз үшін рахмет. Осындай қолдаудың арқасында біз міндетті түрде қажетті соманы жинап, балапанымызды құтқарамыз», – деді Қанат Құспанов.
Дәрігерлер сәбиге арқа бұлшықеті атрофиясы диагнозын қойған. Фатиманың еміне 1 миллиард теңге тұратын «Zolgensma» препараты керек. Бұл препарат әлемдегі ең қымбат дәрі ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қиыны сол, препаратты 2 жасқа дейін ғана егуге болады. Ал 26 қараша күні Фатима 1 жасқа толды. Жарты жылдан бері Фатима Асқардың ата-анасы оның еміне ақша жинаумен келеді. Қазіргі уақытта бас-аяғы 155 миллион теңге жиналған. Аз уақыт ішінде Фатиманың ата-анасы тағы 845 миллион теңге жинап үлгеруі керек. Құспановтар отбасына көмектескісі келетін жандар төмендегі реквизиттерге ақша жіберіп, қолдау көрсете алады. Kaspi Gold + 7(707)7587194 Аскарұлы Қанат Құспанов Карта нөмірі: 5169 4971 8830 5951 ИИН: 940501301413 Kanat Kuspanov