Лираның құнсыздануына байланысты Түркияда үй сатылымы артқан

Лираның құнсыздануына байланысты Түркияда үй сатылымы артқан

Лираның құнсыздануына байланысты Түркияда үй сатылымы артқан
ашық дереккөзі
Түркияда шетелдіктерге үй сату рекордтық деңгейге жетті. Бұл жағдай елге миллиардтаған шетел валютасын әкелді, деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Түркия статистика институтының мәліметінше, ұлттық валютаның құлдырауынан жылжымайтын мүлік нарығы жанданды. Жалпы, сатылым былтырғымен салыстырғанда 59 пайызға артып, 178 814 жылжымайтын мүлік сатылған. «TSKB Real Estate Appraisal» бас директор Макбуле Йонел Майяның айтуынша, адамдар тұрғын үйді инфляциядан қорғайтын құрал ретінде қарастырады. Ал бұл өз кезегінде қарашада сатылымды арттырған. Қаржыгер бұл әсер мемлекеттік банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты екенін айтады.
«Қараша айында шетелдіктерге 7363 үй сатылды. Бұл - 2013 жылы деректер жинау басталғаннан бергі ең жоғары айлық көрсеткіш. Шетелдік сатып алушылардың басым бөлігі Ираннан болса, Ирак пен Ресей азаматтары екінші орында. Шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатылымы алғашқы 11 айда 39,4 пайызға өсті. Ал 11 айлық кезеңдегі жалпы үй сатылымы бір жыл бұрынғыдан 9,2 пайызға төмендеді», - деді Макбуле Йонел Майя.
Статистикаға келер болсақ, Ыстамбұл шетелдіктерге үй сату бойынша ең танымал бағыт болған. Бұл шаһарда 2922 баспана сатылған. Бұдан кейін оңтүстіктегі Анталия курорты мен ел астанасы – Анкара тұр.