«37 мың теңге шықты»: қосшылықтар коммуналдық төлемнің көтерілгеніне наразы

«37 мың теңге шықты»: қосшылықтар коммуналдық төлемнің көтерілгеніне наразы

«37 мың теңге шықты»: қосшылықтар коммуналдық төлемнің көтерілгеніне наразы
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Қосшы қаласына қарасты Лесная поляна тұрғын алабында жалпы саны 40-қа жетер-жетпес 5 қабатты тұрғын үй бар. Елорданың дәл іргесінде орналасқан сол елді мекенде қазір коммуналдық төлем шарықтап кеткен. Тіпті, қараша айында су мен электр жарығы үшін 40 мың теңгеге жуық төлем түбіртегін алған тұрғындар шу көтерді, деп жазды turkystan.kz.  Бүгінде бұл мәселе Instagram-дағы lesnayapolyana_inform парақшасында қызу талқыланып жатыр.
«Сәлеметсіздер ме! Кімге коммуналдық төлем үшін біреу келіп, электр энергиясын 3 фазаға орнатты? Қандай негізде? Бұрын мұндай болмаған еді. Аяқ астынан пайда болғаны қалай? Электрмен жабдықтаудан бөлек, үшінші позиция деген немене? Пайдалану шығындарын ретейтін ПИК енді жоқ. Неге артық есептеу жүріп жатыр? Жалпы, екі бөлмелі пәтер үшін 20 мың теңгеге жуық коммуналдық төлем шықты. Бұл не сонда?» деп жазды парақша иесі.
Сол-ақ екен, жұрт өздеріне желтоқсанда келген түбіртектегі өткен айдың төлеміне қарап, жаға ұстағандарын жарыса жазысып кетті. Олардың дәлеліне сенсек, бастапқы жазбадағы 20 мың теңге артық төлемнің өзі «ойнамай қалды».
«Бізде 2 бөлмелі пәтерге 37 мың теңге коммуналдық төлем шықты. Бұл туралы кімге хабарласуға болады?», «Ал бізде 2 бөлмелі пәтерге 31 мың теңге шықты, мен шошып кеттім», «Менде бір бөлмелі пәтерге 17 мың теңге кетті. Бұл дегенің сұмдық қой», «Әзірге үйде су мен электр тұтынатын ешкім жоқ болса да, біздің бір бөлмелі пәтерге 15 500 теңге шықты», «Тоқты үнемдеу керек деу – айтқанға ғана оңай. Шәйнек пен электр плитасынан басқа ештеңе қоспаймыз ғой. Ал ол екеуі – күнделікті қажеттіліктер» деседі Лесная полянаның тұрғындары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Лесная Поляна (@lesnayapolyana_inform)

Бұл ретте аталған тұрғын алабындағы барлық үйдің суды аристон арқылы жылытып отырғанын айта кеткен жөн. Ал оған қатысты биыл ғана облыстық маңызы бар қала статусын алған Қосшы қаласы әкімдігінің қандай уәж айтары әзірге белгісіз. Сең енді қозғалды. Демек, жергілікті биліктің тұрғындар шағымына құлақ түрер кезі енді келген сияқты.