Хаменованың кінәсі дәлелденсе, облыс әкімі отставкаға кетуі мүмкін

Хаменованың кінәсі дәлелденсе, облыс әкімі отставкаға кетуі мүмкін

Хаменованың кінәсі дәлелденсе, облыс әкімі отставкаға кетуі мүмкін
ашық дереккөзі
Журналистерге берген сұхбат барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденген жағдайда отставкаға кететінін хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл туралы өңір басшысы журналистерге орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіру кезінде айтқан. Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, заңға сәйкес қызметінен кетуге дайын екенін бірнеше рет айтқанын атап өткен жөн. Еске салсақ, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.