«Арзан пиар»: тілші электрокөлікке мінген министр Мусинді сынады (ВИДЕО)

«Арзан пиар»: тілші электрокөлікке мінген министр Мусинді сынады (ВИДЕО)

«Арзан пиар»: тілші электрокөлікке мінген министр Мусинді сынады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ерболат Мұхамеджан есімді журналист «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында электрокөлікке мінген видеосы тараған  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді сын садағына алды, деп жазды turkystan.kz. Тілшінің айтуынша, министр Үкімет үйінің алдына пиар үшін видеотүсірілім ұйымдастырған.
«Кейбіреулердің ойынша, Бағдат Мусин әдемі пиар жасады. Бірақ бізге ондай пиардың қажеті қанша?! Мысалы, осыдан екі ай бұрын Мусин мырза электрокөлікке отырғаны туралы ақпарат біраз жерге шықты. Иә, бір жағынан, онда тұрған не бар, қайта молодец, экологияны уайымдап, плюс ақшаға экономия жасап жатыр деген ой барлығыңызға келуі заңдылық. Кім кеңес бергенін білмеймін. Бірақ, бұл – таза «арзан пиар». Себебі, Мусиннің осы күнге дейін «Қазпошта» АҚ-ын үш жыл басқарғанын білеміз. Егер журналист достарымыз зерттеп жіберсе, қазіргі мақтаншақ министрдің сол кезде нақты қандай көлік мінгенін біле аламыз. Яғни, шынымен өзі айтқандай, экономияны ойлайтын болса, сол кезде неге мінбеді?! Оған не кедергі болды? Жақсы, электрокөлікке мінгені дұрыс. Бірақ арзан пиардың қажеті қанша?» - деп жазды ол.
Журналистің жазуынша, алғаш болып электрокөлікке мінген Әділет министрі Марат Бекетаев.
«Ал Бекетаев пиар үшін мінбеді. Немесе Мусин сияқты Үкімет үйінің алдына өтірік видеоны ұйымдастырған жоқ. Тағы бір қызық ақпарат, Марат Бекетаев өзі ғана емес, оның вице-министрлері және тағы да басқа комитет басшылары да көліктерін электромобильге ауыстырған. Ал Мусин тек өзі ғана мінген. Тіпті, электрокөлікті әділет министрінен жалынып сұрап алған болса да таңқалмаймын. Одан бәрі шығатынына көзім жетті. Қысқасы, министр Мусиннің әрекеттерінің барлығы тек арзан пиар үшін жасалған. Біраз қызық мысалдар және дәлелдерді алдағы уақытта жариялайтын боламын», – деп жазды журналист.