Эмир Кустурица Алтын Орда туралы фильм түсіреді

Эмир Кустурица Алтын Орда туралы фильм түсіреді

Эмир Кустурица Алтын Орда туралы фильм түсіреді
ашық дереккөзі
Атақты серб кинорежиссері, Канн кинофестивалінің сыйлығын екі мәрте иеленген Эмир Кустурица Алтын Орда туралы фильм түсіреді, деп жазды turkystan.kz. Кинорежиссёр бұл туралы Қазақстан киносының ІІІ фестивалі аясында өткен онлайн-конференцияда айтты. Конференция кезінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарама төрағасы Есетжан Қосыбаев киноорталықтың өндірісіндегі ірі жобаларға тоқталды.
«Алтын Орда тарихынан сыр шертетін «Шыңғыс ханның ақ бұлты» фильмі Шыңғыс Айтматовтың хикаясы бойынша түсірілмек. Осы фильмнен бастап бюджеті мен мазмұны ауқымды халықаралық нарыққа шығатын тарихи картиналар қатарын көбейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Есетжан Қосыбаев.
Фильмнің түсірілімі 2022 жылы басталады.