Бүгін жалпыұлттық онлайн-диктант басталды
Бүгін жалпыұлттық онлайн-диктант басталды
Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып жатқан жалпыұлттық онлайн-диктант басталды. Жазба жұмысына бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін қатысуға болады, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Онлайн-диктантқа мына сілтеме арқылы қатыса аласыз:
ОНЛАЙН-ДИКТАНТ
Онлайн-диктанттың барлық қатысушылары бағасы көрсетілген атаулы сертификатқа ие болады. Ал жазба жұмысын ең үздік жазып шыққан үш адамның арасында ұялы телефон ойнатылады. Ең басты сыйлық – iPhone 13.
Онлайн-диктант мәтінін тележүргізушілер Мақсат Толықбай, Жанат Бақыт пен Анна Данченко оқиды. Жазба жұмысына белгілі жазушы Бейбіт Сарыбайдың мәтіні таңдалып алынды.
Онлайн-диктантты қалай жазу керек?
Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank.